Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы кәсіпорын жылына 22 млрд. теңге салық төлемек

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов биыл қыркүйек айында іске қосылған сусындар шығаратын жаңа зауытта болды. Бұл жобаға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды. Процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік өсе түсті. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Жұмысшылар саны 260-тан 385 адамға дейін өсті. Орташа жалақы — 267 мың теңге. Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші. Өткен жылы кәсіпорын облыс бюджетіне 15,6 миллиард теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд — акциздер.

Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд теңгеге дейін көбейтпек. Жалпы, жаңа өндірістің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға  мүмкіндік берді.

Петропавлдық би ұжымы «Жан шуақ» сыйлығының лауреаты атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *