Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы жеткіншектер үйі жөнделді

Жеткіншектер үйі 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Биыл орайы түсіп, ғимарат жөнделді. 

Балалар үйлері мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының түлектері үлкен өмірге аяқ баспас бұрын жеткіншектер үйіне орналасады. Петропавлдағы 2001 жылы ашылған ерекше мекеме арқылы осы уақыт аралығында 727 бозбала мен бойжеткен өткен.

Мекеме директоры Жұқаш Қосыбаевтың айтуынша, жеткіншектер үйі 52 тәрбиеленушіге арналған. Ғимаратта 20 бір бөлмелі және 4 екі бөлмелі пәтер бар.

— Барлық пәтер тұрмысқа қажет жиһазбен толық қамтылған. Ас бөлмесінде электр пеші, тоңазытқыш, шкаф, үстел-орындықтар бар. Санитарлық бөлме біріктірілген, тұрмыстық бөлме кір жуатын машиналармен қамтылған. Жастарға ыңғайлы болуы үшін бар жағдай жасалған, — дейді Жұқаш Қосыбаев.

Жеткіншектер үйінде 18 бен 23 жас аралығындағы бойжеткен-бозбалалар тұра алады. Мекеменің мақсаты — балалар үйінен шыққан жасты әлеуметтендіру, өздігінен өмір сүре алатындай етіп бейімдеу.

Қазіргі уақытта жеткіншектер үйінде 11 бозбала және 13 бойжеткен тұрып жатыр. Олардың төртеуі жергілікті университетте, бесеуі колледждерде оқыса, қалғаны жұмыс істейді.

— Былтыр Жеткіншектер үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 35 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ол қаражатқа жиһазды, тұрмыстық техниканы, перделерді жаңаладық. Бейнебақылау жүйесін ауыстырдық. Биыл 72,5 млн теңге шамасында бөлінді. Ол ақшаға бөлмелерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, санитарлық бөлмелер жөнге келтірілді, — дейді Жұқаш Қосыбаев.

Алаяқтарға алданған Петропавл тұрғыны 1 млн. теңгесін қайтарып алды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *