Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы оңалту орталығынан 716 облыс тұрғыны емделіп шықты

Жыл басынан бері көпбейінді қалалық ауруханасына қарасты оңалту орталығында 163 млн. 411 882 мың теңге қаржыға 716 өңір тұрғыны емделіп шықты. Мұндай мүмкіндікке әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында «сақтандырылған» мәртебесіне ие азаматтар қол жеткізе алды. Орталықта жүйке жүйесі зақымданған, нейрохирургиялық, ортопедиялық және травматологолиялық тұрғыдан  зақым алған науқастар емделеді.

Қала тұрғыны Сәуле Мұстафинаның денсаулығы шілде айында сыр беріп, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызған. Тізесі ауырсынған соң, алдыңғы менискіге дереу түрде ота жасау туралы шешім қабылданған.

— Жазда маған артроскопия жасалды. Бір айдан соң оңалту орталығына келіп, ем-дом қабылдауға жаттым. Тіземді бүге алмағандықтан оңалту процедуралары қажет-ақ еді. Қазіргі уақытта екінші рет ауруханадамын. Отадан кейін үш рет емдеу мекемесінде жату керек екен, – дейді Сәуле Мұстафина.

Оталардан кейінгі ем-домды науқастар кем дегенде 14 күн бойы қабылдауы шарт. Осы уақыт ішінде емделушілер жылыту, электр тоғы, ультрадыбыстық қондырғылармен емделіп, медициналық массаж жасалып, дене бұлшықеттерін ширататын арнайы тренажерлерде жаттығуларды жасатқызады.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары аяқ-қол буындарының сырқырауына байланысты тұрғындар көптеп шағымданады. Біріне қарапайым медициналық массаж жасатуға кеңес берсе, кейбіріне дереу түрде ота жасатқызуға тура келеді.

— Біздің көпбейінді қалалық аурухананың оңалту орталығы 45 жатын орынға шақталған. Науқастарды емдеп жүрген дәрігерлер порталға өтініш қалдырып, науқастарды кезекке қояды. Кейін олар ауруханаға жатқызылып, оңалту процедураларынан өтеді. Емделушілердің ем-домы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылып, қажетті медицналық көмек көрсетіледі, — дейді физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Анжелика Осиян.

Естеріңізге салсақ, соңғы он айдың ішінде көпбейінді қалалық аурухананың оңлату бөлімшесінен 716 науқас емделіп шықты. Оның 344-і ортопедия, 257-сі жарақат алғандар, 111-і неврологиялық тұрғыдан ем-дом алғандар және 4-не нейрохирургиялық оталар жасалғандар кіреді.

Петропавлда қызыл жалын бір әйел адамның жанын құшты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *