Жарияланған күні: 03.12.2024
Петропавлдың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына басшы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев Петропавл қалалық басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Енді бұл қызметті Данияр Оразбайұлы Оспанов атқаратын болады. Жаңа басшы 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында дүниеге келген.
2015 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2016 жылы Ұлттық сараптама орталығының Тимирязев аудандық бөлімшесі филиалында дәрігер-зертханашы болып бастаған.
2017 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тимирязев аудандық басқармасында мемлекеттік қызметте жұмыс істей бастады, содан кейін Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жұмысын жалғастырды.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.