Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жатақхана мен мектептер тапшылығы жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттің үштен бір бөлігі білім беру саласына бағытталған.

− Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 6,4 млрд теңге бөлінді. 51 пәндік кабинет пен мектептерге 42 автобус сатып алынды. 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, − деді Ғ.Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Соңғы үш жылда облыста 3 жаңа мектеп іске қосылды. Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі биыл толық шешілді. Осылайша, соңғы 5 жылда өңірдегі ҰБТ-ның орташа балы 8,6 балға өскен.

— Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен «Береке» шағын ауданында арнайы мектептің құрылысы аяқталды. Жаңа ғимарат балаларды арнайы мектептерде оқыту үшін орын тапшылығы мәселесін толығымен шешті. Оқу корпусы 300 орынға есептелген, сондай-ақ интернат бар. Қазір мұнда 220 бала білім алуда, — деп толықтырды әкім.

Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қараша айында «Орман» шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп ашылды.

− Сондай-ақ, биыл студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі шешілді. Петропавлда жергілікті университет үшін 1200 орындық жатақхана салынды. Бұл облыс орталығындағы ең үлкен жатақхана болып саналады. Тағы бір156 орындық жатақхана ашылды, оның ішінде 25 пәтер университетке шақырылған оқытушыларға арналған. Қазіргі уақытта облыста орын тапшылығы жоқ, керісінше, артылып қалып жатыр, − дейді Ғ.Нұрмұхамбетов.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *