Петропавлда футбол манежі өртеніп кетті
Петропавлдағы «Жастар» стадионы аумағында төтенше жағдай орын алды. Бүгін шамамен 8:30 шамасында қызыл жалын жабық футбол қорабын шарпыды. Салдарынан манеж толықтай жанып кетті.
СҚО ТЖД мамандарының мәліметінше, өрт сағат таңғы сегіздер шамасында тіркелді. Стадион аумағында гаржадан өрт шығып, ол футбол манежіне ауысты. Салдарынан 2 трактор мен ГАЗель көлігі мен қызметкерлердің жеке көлігі қызыл жалыннан жапа шекті.
— Сағат 8:30-да футболдан жас балғындардың жаттығу жұмыстары басталуы керек еді. Абырой болғанда, ешкім манежге кіріп үлгермеген. Жаттығуға 7 бала мен бір жаттықтыруға келген. Сондай-ақ ата-аналар да киім ауыстыратын бөлмеде болған. Барлықтарын эвакуацияладық, — деді «Қызылжар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айсары Шәкіров.
Өртті ауыздықтауға 10 шақты техника жұмылдырылды. Бұл жыл басталғалы осымен 2-ші ірі өрт оқиғасы болып отыр.