Жарияланған күні: 01.05.2025
«Sensitive» бишілер театры Қытай төрінде үш Гран-при жеңіп алды
Солтүстікқазақстандық «Sensitive» құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда жеңіске жетті.
Петропавлдыө өнер ұжымы алғаш рет халықаралық додада үш бірдей Гран-приді қанжығасына байлады.Жерлестеріміз үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр.
Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ерекше мақтаныш — Sensitive Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.