Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+18°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
20:02:48Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Азық-түлік бағасы қымбаттады

СҚО-да азық-түлік тауарлары 9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11%, ал халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 12% қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының департаменті хабарлауда.

Бағаның бір жыл ішінде едәуір өскені азық-түлік өнімдерінен байқалды. Атап айтқанда, балық және теңіз өнімдері 16%, тұздалмаған сары май, темекі өнімдері 15%, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар 14%, сүзбе 13,5%, ет 10,5 %, шұжық өнімдері 10%, алкогольді ішімдіктер 9%, жас жемістер 8%, сүт өнімдері 4%, қант 2,5% өскен.

Сонымен қатар, жас көкөністер бағасы да айтарлықтай көтерілген: пияз 98%, қырыққабат 72%, картоп 69%, қызылша 23%, қызанақ 22% қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында ойыншықтар 22%, киім мен аяқ киім 12%, жеке тұтынуға арналған тауарлар мен құралдар 8%, фармацевтикалық өнімдер 5%, жуу және тазалау құралдары 3% өскен.

Энергия ресурстары да қымбаттады: бензин, дизель отыны 3%, ал бөлу жүйелері арқылы тасымалданатын газ тарифі 17% артты.

Ақылы қызметтер саласында да айтарлықтай өсім тіркелген. Жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 26%, шаштараз және сұлулық салондары қызметтері 18%, интернетке қосылу абоненттік төлемі 13%, қоғамдық тамақтану қызметтері 10%, тұрғын үйді жөндеу және қызмет көрсету 6%, тұрғын үйді жалға алу ақысы 11 %, автомобильмен жолаушы тасымалдау қызметтері 4% өскен.

Петропавлда 10 мың лента үлестіріледі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *