«Қызылжар» клубы «Қарасай» стадионына оралады
Футболдан ел біріншілігі басталғалы «Қызылжар» клубының ойыншылары үйдегі матчтарды Қостанайда өткізген болатын. Оның бірден-бір себебі — «Қарасай» стадионының күрделі жөндеуден өтуі. Жақында жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық пайда болды. Кезекті турды солтүстікқазақстандықтар өз алаңдарында өткізбек.
«Қарасай» стадионы өткен жылдан бері ел біріншілігі үшін жабық тұрды. Былтыр күрделі жөндеудің жұмыстары басталып, алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Нәтижесінде жаңа газон төселіп, шөп суару жүйесі орнатылды. Сондай-ақ жарық шамдары да қойылды.
Биыл жөндеудің екінші кезеңі аясында трибуналар орнатылып, арнайы бөлмелер жасалды. Жанкүйерлерге ғана емес, сондай-ақ футболшыларға арналған спорттық бөлмелер ашылмақшы болған.
Ел біріншілігінің кезекті туры мамырдың 10-ы күні өтеді. Жерлестерімізге «Ұлытау» командасы қарсылас атанып отыр.
Азық-түлік бағасы қымбаттады