Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+12°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
22:41:40Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Отан қорғаушылар күні аталып өтілді

Бүгін елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтілді. Салтанатты шара Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алаңынан бастау алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған топ Ағынтай мен Қарасай батырлары ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Биыл Астана төрінде әскери құрылымдар қатысқан парад өтті. Онлайн режимде жерлестеріміз Петропавлдың орталық алаңынан тамашалай алды. Кейін салтанатты шара марапаттау рәсімімімен жалғасын тапты. Су тасқыны кезеңінде көзге түскен азаматтар, қоғам белсенділері, әскерилер, күш құрылымдарының өкілі облыс әкімінің құрмет грамоталарына ие болды.

Салтанатты шара «Батырлық рухы – Мәңгілік» атты концертімен жалғасып, ҚР Ұлттық ұлан академиясының әскери оркестрі, облыстық полиция департаментінің мәдениет орталығының вокалдық тобы, Қызылжар ауданының барабаншы қыздары және өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Бұл мерекелік шара – бейбітшілік пен тыныштықты күзетіп жүрген азаматтарға деген шынайы алғыстың жарқын көрінісі болды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *