Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Columbus
19°C
Açık
2.8 m/s
41%
760 mmHg
18:00
19°C
19:00
19°C
20:00
17°C
21:00
15°C
22:00
14°C
23:00
13°C
00:00
12°C
01:00
11°C
02:00
10°C
03:00
10°C
04:00
9°C
05:00
9°C
06:00
8°C
07:00
9°C
08:00
11°C
09:00
14°C
10:00
16°C
11:00
19°C
12:00
20°C
13:00
21°C
14:00
22°C
15:00
23°C
16:00
23°C
17:00
23°C
18:00
23°C
19:00
23°C
20:00
21°C
21:00
19°C
22:00
17°C
23:00
16°C
22:50:47Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда қалалықтар қаза тапқан майдангерлерді еске алды

Петропавлда эвакуациялық госпитальдарда қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы СҚОФ әлеуметтік желідегі парақшада хабар етті. 
Іс-шараға еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, интернационалист жауынгерлер, «AMANAT» партиясының белсенділері, жастар мен студенттер қатысты. Шараны «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов ашты.
«Қазақ елі Жеңіске жету үшін майданда да, тылда да аянбай тер төкті. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ерлік жайлы естеліктер әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдардың басын қосады. Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 200 мың адам аттанды. Өкінішке қарай, олардың тең жартысы елге қайта оралған жоқ. Дегенмен, біз олардың ерліктерін ұмытпаймыз», — деп атап өтті ол.
«AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асановтың айтуынша, 9 мамыр мерекесіне орай, партияның мүшелері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері бірнеше апта бойы «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп, ескі зираттағы мемориалдарды қоқыстан тазартып, абаттандырған. Осылайша, «AMANAT» партиясы ескі зиратта орналасқан ескерткіштерге қамқорлық жасады.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те сөз сөйлеп, ардагерлерге және салтанатты іс-шараға қатысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. Ол ұрпақтар арасындағы байланыстың және отансүйгіштік тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін айтты.
 -Бейбіт өмір үшін құрбан болған батырларды ұмытуға ешкімнің қақысы жоқ. Қазақстан сол жылдары сенімді тыл болып, жеңіске жетуге өз үлесін қосты. Біздің қазіргі міндетіміз – сол соғыстың шындығын сақтап, балаларға жеткізу. Есте сақтау арқылы ғана Ұлы Жеңістің лайықты мұрагерлері боламыз, — деп атап өтті ол.
Соғыс миллиондаған отбасының тағдырына терең із қалдырғанын Еңбек ардагері Мұхамедияр Шаяхиннің сөзінен айқын аңғаруға болады.
Петропавлдағы ескі зиратта Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған 4 ескерткіш бар. Іс-шараға жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алып, әрқайсысына гүл шоқтарын қойды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *