Жарияланған күні: 08.05.2025
СҚО әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері Василий Макиенко мен Фёдор Щегловты, тыл ардагерлері Рашит Белогонов пен Хадиша Бекназарованы мерекемен құттықтады. Өңір басшысы оларға ұзақ ғұмыр мен отбасылық береке тіледі.
Өңір басшысы Президент атынан құттықтау хаты мен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальді табыс етті.
— Батырларымызға жеке құрмет көрсету — мен үшін үлкен мәртебе. Ардагерлеріміз Жеңіске жетер жолда өлшеусіз үлес қосты. Сіздердің ерліктеріңіз – тірі тарих, ұрпақ үшін мақтаныш пен шабыттың қайнар көзі. Алдағы уақытта да ардагерлерге қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіру – басты парызымыз,- деді облыс әкімі.