Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+23°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
11:01:41Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қызылжар» клубы «Ұлытау» командасын жеңді

Жуырда ғана жаңартылған «Қарасай» стадионында «Қызылжар» футбол клубы өз алаңындағы алғашқы ойынды өткізді. Бұл жолы жерлестерімізге «Ұлытау» командасы қарсылас атанды. Бұл ойынға дейін солтүстікқазақстандық құрама 9-шы орында тұрды.

Петропавлдық жанкүйерлер үшін көптен күткен сый — жаңа стадионның ашылуы. Көпшіліктің қуанышына орай, жергілікті аяқдопшылар өз қолдаушыларына ризашылықтары ретінде жеңіс сыйлады.

Петропавлда өткен ойында жерлестеріміз бірінші болып есеп ашты. Кейін жезқазғандықтар есепті теңестірді. Десе де, матч соңында теріскейліктер нүкте қойып, қажетті 3 ұпайды қанжығаларына байлады. Қорытынды есеп 2:1, «Қызылжар» клубы бұл жеңістен соң, 7-ші орынға көтерілді.

Матч аяқталғаннан кейін, Солтүстік Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының волонтерлері трибуналарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Еріктілердің мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Қарасай» стадионы еурокубок матчтарын қабылдауға дайын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *