Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+12°C
Дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
18:15:22Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Биыл облыста 26 жасөспірім қыз босанды

Өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында кезекті брифинг өтті. Осы жолы журналистердің алдында облыстың штаттан тыс акушер-гинекологы есеп берді. Елена Калюжнаяның ақпаратына сүйенсек, жыл басталғалы жасөспірім қыздар арасында жүкті болу фактілері артуда. Мәселен, соңғы 4 айдың ішінде 26 бойжеткен босанды. 

Гинеколог маманның сөзінше, әйелдер арасында репродуктивті жас 15-45-тің аралығында болса, соңғы кезде жасөспірімдермен бала табу фактілері жиіледі. Егер 2023 жылы 46 қыз жүкті болса, биыл небары 4 айда 26 бойжеткен босанды.

— Жалпы биыл облыста 4500 әйел босанды. Демографиялық жағдай оң жолға қойылғанымен, бойжеткендер арасында жүкті болу фактілері жиілеп барады. Бұған жол бермеу үшін отбасыда тәрбиеге мән беру қажет. Дәрігерлер, ата-аналар және білім басқармасы бірігіп, жүйелі жұмыс жасауы керек деп ойлаймын, — деп ойын түйіндеді Елена Калюжная.

Облыста аборт жасау фактілері де азаймай отыр. Маманың айтуынша, өңірде 2 мың аборт жасалды. Оның 500-і медициналық көрсеткіштерге байланысты дәрігерлер нұсқауымен жол берілді.

СҚО әкімі италиялық инвестормен кездесті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *