Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+27°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
09:01:59Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі италиялық инвестормен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді.

Италияндық серіктестер «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.

— Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3 000 тонна өнім өндіріп, 40 жаңа жұмыс орнын ашады.

СҚО-да 4,4 млн. гектар алқапқа дән сіңіріледі

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *