СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 60 квота бөлінді
Бүгінгі таңда облыста облыста 2 256 жүкті әйел есепке алынған, олардың 52% – қауіп тобында тұр. Қыз-келіншектердің 20% экстрагенитальды аурулар анықталған, олар: гипертония, анемия, пиелонефрит, варикоз, жүрек аурулары.
Фото: admnvrsk.ru
Десе де әйел бақытын сезінгісі келетіндер қатары аз емес. Облыстың штаттан тыс акушер-гинекологы Елена Калюжнаяның айтуынша, өткен жылдары «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында екі жүзге тарта квота бөлінсе, биыл әзірге бірінші тоқсанға 60-сы қарастырылды.
— Президент тапрсырмасымен 2021-2024 жылдар аралығында 777 квота берілді. Нәтижесінде жүздеген әйел ана бақытын сезінді. Шамамен 193 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 30-ы егіздер, — дейді акушер-гинеколог.
Айта кеткен жөн, «Аңсаған сәби» бағдарламасы МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылады. 2024 жылы тың бағдарламаның арқасында 28 нәресте дүниеге келді. Оның 13-і табиғи жолмен туса, 15-і ота жасау арқылы туды.
Биыл облыста 26 жасөспірім қыз босанды