Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+9°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
04:03:19Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдың «Жас өркен» шағынауданында балабақша бой көтеруде

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралады. «Жас өркен» ықшам ауданында 280 орындық жаңа балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мердігер — «Основание» серіктестігі нысанды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл балабақша қажеттілігі айқын, себебі қазір ауданда жаңа тұрғын үйлер салынып, жас отбасылар қоныстануда.

Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан аудан – «Орталық». Осыған байланысты Уәлиханов көшесінде 280 орындық балабақша салынбақ. Жаңа нысандардың құрылысы мен қолданыстағы балабақшалардың кеңейтілуі 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен мейлінше қамтуға мүмкіндік береді.

Облыс орталығының «Копайдағы» ескі үйлердің орнына жаңа шағын аудан бой көтеруде. Мұнда 605 пәтерлі 7 ипотекалық үй салынуда. Жалпы, бұл ауданда 3,8 мың пәтерлі 27 көпқабатты үй тұрғызу жоспарланған. Сонымен қатар, мектеп, балабақша және емхана пайда болады. Ескі үйлердің тұрғындары өздерінің тұрғын жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алды, ал қала жаңа жайлы өмір сүру және даму аймағына ие болды.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағында инженерлік желілердің құрылысы мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Қазір бұл субаймақта «Бейкертон» донаттар шығаратын зауыты, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорны, көтергіш-көлік жабдықтары мен көпір крандары зауыты, саңырауқұлақ фермасы және компост зауыты сияқты жобалар жүзеге асуда. Жаңа өндірістердің іске қосылуы инженерлік инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты болғандықтан, өңір басшысы мемлекеттік органдар мен мердігерлерге жұмыстарды күшейтіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 60 квота бөлінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *