Петропавлда қылмыс жасаған азамат елге қайтарылды
Петропавлда адам өлтірмек болған ер азамат ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті Арменияда табылып, елге қайтарылды, деп хабарлайды Законопослушный гражданин.
Прокуратура мәліметінше, өткен жылы күзде Петропавлда екі адам арасында дау шығып, ер азаматтың бірі екіншісіне пышақ тыққан. Салдарынан Тимирязев ауданының тұрғыны көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Пышақ оның мойыны мен кеуде тұсына тиген екен. Күдікті болса, шетел асып, елден қашып кеткен. Қылмысқа қатысы азаматқа іздеу жарияланды.
— Қылмысқа барған азамат Ресей арқылы Арменияға ізін суытқаны анықталды. Былтыр қазан айында ол ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін бірнеше мәртте сотты болған. Бас прокуратура мен Армения елшіліктің көмегімен қылмыскер елге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, ол уақытқа тергеу изоляторына қамауға алынды, — деп жазады Бас прокуратура.
Қылмысқа барған азамат 20 жылдан өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.