Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+20°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
17:48:11Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да есірткіні жарнамалаған 300-ден астам сайт бұғатталды

Петропавлда үйлердің қабырғаларында, қоршауларында және гараждарда есірткі жарнамасын жою жұмыстары жалғасуда. «Заң және тәртіп» қағидасы негізінде бұл іс-шаралар әлі де жалғаспақ.
Биыл арнайы акцияға полицейлермен бірге прокуратура қызметкерлері де қатысуда.Қадағалау органының мәліметінше, 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы 4 айы ішінде 1753 есірткі графитиі анықталып жойылды. Сондай-ақ психотроптық заттарды насихаттау және заңсыз жарнамалау фактілері бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді.
— Бүгінгі таңда 327 есірткі сайты, сондай-ақ есірткі дүкендерінің ұйымдастырушылары мен әкімшілері пайдаланған Екінші деңгейдегі банктердің 800-ден астам картчоттары бұғатталған. Бұл бағыттағы жұмыс бір реттік емес және болашақта да жалғасатын болады, — делінген прокуратура мәліметінде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *