Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+31°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
09:24:03Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық азамат тірідей жанып кете жаздады

Бүгін Петропавлдағы көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 30 жастағы ер адам шұғыл түрде ауыр күйікпен жеткізілді. Жігіт канистрден от үрлегіш лампаға бензин құйған. Сол сәтте қолында тұтатылған темекісі болған. Салдарынан ыдыс жарылып, жігіттің киімі лап еткен. 

— Сырқат өте ауыр жағдайда бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның терісінің 90% күйген, соның ішінде басын, денесін, қол-аяғын, тыныс алу жолдарын күйік шалған. ІІ-ІІІ деңгейлі күйіктік шок алып отыр. Қазіргі уақытта ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер бар қажетті емді қолданып жатыр, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

СҚО Полиция департаменті ер адамның абайсызда күйік алғанын растады.

— 17 мамырда Петропавлда термиялық күйік шалған 30 жастағы ер адамды ауруханаға жатқызу фактісі бойынша алғашқы тексеру жүргізді. Қала тұрғынының бензинді ыдыстан ыдысқа құю кезінде қауіпсіздік шарасын сақтамағаны, салдарынан абайсызда күйік алғаны анықталды. Қылмыс белгілері жоқ, — деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

СҚО әкімдігінде 4 айдың қорытындысы шығарылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *