Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
08:07:36Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Қызылжар жастары» ипотекасына өтінімдер қабылдана бастады

26 мамыр мен 11 маусым аралығында СҚО-да «Қызылжар жастары» атты жаңа әлеуметтік ипотекалық бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Бұл – өңір тарихында жастар мен жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған алғашқы арнайы бастама.

Бағдарлама 2024–2029 жылдарға арналған, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Жас мамандар баспананы облыстағы бастапқы және екінші нарықтан сатып ала алады.

Жобаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Олар денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында жұмыс істеуі тиіс. Қатысушыларды іріктеу әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы және кәсіби тәжірибесі ескерілетін ашық балдық жүйе бойынша жүзеге асады.

Шарттары:

▪️Петропавлда ең жоғарғы сома – 15 млн.тг, аудандарда 10 млн.тг
▪️Бастапқы жарна – 10%
▪️Мөлшерлеме– 6%
▪️Мерзімі – 19 жылға дейін.

Биыл суға шомылуға 60 арнайы орын қарастырылмақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *