Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+24°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
18:06:49Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл – рухани құндылықтарды сақтап, өнер мен мәдениетті дамытуға өз үлесін қосып жүрген жандарға алғыс білдіретін ерекше күн.

Өңірімізде мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінеді. Бай тарихы мен көрермендердің ықыласына ие театрлар, мұражайлар, филармониялар табысты жұмыс істеп келеді. Президенттің тапсырмасымен өткен жылы Креативті индустриялар орталығы ашылды – бұл шығармашылыққа арналған заманауи алаң. «Ботай» арт-галереясы – суретшілер мен өнер сүйер қауымның сүйікті орнына айналды. «Sensitive» би театры халықаралық сахнада өңіріміздің абыройын асқақтатып жүр. Аудандағы мәдениет ұжымдарын қолдауға бағытталған «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі» облыстық байқауы қайта жанданды.

— Бүгін Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыстай отырып, өз ісіне адал, талантты жандардың еңбегін атап өттік. Бұл – мәдениетке қосқан өлшеусіз үлестеріңіздің әділ бағасы. Кәсіби мерекемен  шын жүректен құттықтаймын! Шабыттарыңыз шарықтап, көрермендердің ықыласы мен шығармашылық табыстар әрдайым серік болсын! — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *