Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
02:35:07Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Футбол: «Қызылжар» клубы «Елімай» командасымен тең түсті

Ел біріншілігінің кезекті турында «Қызылжар» командасы өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдады. Өкінішке қарай, бірде-бір команда жеңісті жұлып әкете алмады.

Бірінші тайм басталысымен қызылжарлықтар қарсылас қақпасына шабуылдарын құйындай жаудыртты. Нәтижесі көпке ұзамады. Осылайша, жерлестеріміз бірінші болып, есепті ашты. «Елімай» қақпасына голды Андрей Ульшин соқты.

Қонақтар да қарап қалмауға тырысты. Алайда барлық шабуылдары көпке дейін нәтиже әкеле алмады. Тек ойынның 44-ші минутында «Елімай» командасының ойыншысы Никита Корзун таразы басын теңестірді.

Екінші таймда қос команда да қажетті үш ұпайды еншілеуге тырысты. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз 8-ші орынға тұрақтаса, «Елімай» бесінші сатыға жайғасты.

СҚО делегациясы Қорған облысына жұмыс сапарымен барды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *