Петропавлдықтар тегін медициналық тексерістен өтті
Петропавлдағы сауда орталықтарында «Денсаулық аралы» атты акция өтті. Ерекше іс-шараны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ филиалы ұйымдастырды.
Ерекше екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы жолы ақхалатты абзал жандар «Тайга», «Квартал» және «City Mall» сауда ойын-сауық орталықтарының бірінші қабаттарында тұрғындарды тегін қабылдап, денсаулық сауалдары бойынша жауап берді. Дәрігерлер тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант мөлшерін анықтаса, қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы ақпараттық-насихаттық жұмысты атқарды.
Мамандардың айтуынша, сақтандырылған азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы кеңейтілген медициналық көмек ала алады. Оған ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер, УДЗ, КТ, МРТ, ЭКГ сияқты диагностикалық қызметтер мен түрлі кеңес беру мүмкіндіктері кіреді.
Акцияға 150-ге жуық петропавлдық қатысты.
Биыл Қорған облысына дейінгі жол жөнделеді