Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+26°C
Небольшие дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
07:45:46Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс әкімі өңірдің үздік оқушыларымен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті.  Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 2,5 мыңға жуық оқушы олимпиадалық қозғалысқа қатысады. Бұл — оқушылардың ғылымға деген жоғары қызығушылығы мен білімге ұмтылысын көрсетеді.

Биыл Республикалық ауыл оқушылары олимпиадасында 23 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Облыс командасы екінші жыл қатарынан еліміздегі үздік үштікке еніп келеді.

— Оқушылар ғылыми жобалар байқауларында да белсенділік танытып келеді. Бұл — оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың жүйелі және тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Әсіресе зерттеу жобалары көрмесін тамашалау ерекше әсер қалдырды: тақырыптардың тереңдігі, қолданбалы бағыты — экология мен тарихтан бастап медицина мен ғарышқа дейін қамтылған. Бұл жай ғана оқушылық жұмыс емес, болашақтағы нақты ғылыми жетістіктердің бастауы деп білемін, — деп атап өтті өңір басшысы.

Білім, табандылық пен даму жолындағы талпыныс — қуатты Қазақстанның сенімді іргетасы. Кездесудің жаңа Креативті индустрия орталығында өтуі тегін емес — мұнда жастардың әлеуеті мен талантын ашуға барлық жағдай жасалған.

Полиция қызметкері бейнебақылау жүйесі арқылы ер адамды құтқарып қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *