Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
24°C
曇り
More forecasts: 2週間天気予報 東京
16:56:42Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да үздік патрульдік полицей анықталды

Облыс орталығында «Үздік патрульдік полицей» байқау-сайысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Петропавл қалалық полиция басқармасының аға инспекторы Асхат Құрмашов жеңімпаз деп танылды.

Байқау қатысушылары Макаров тапаншасынан ату, қауіпсіздік техникасын сақтау, заңнаманы білу бойынша тестілеу, физикалық дайындық және жол қиылысын реттеу сияқты тапсырмаларды орындады. Әсіресе, жол қиылысын реттеу кезеңінде қатысушылар теориялық білімдерін нақты әрекеттермен ұштастырып, өз шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде, Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Асхат Құрмашев «Үздік патрульдік полицей» атағына ие болды.

Жеңіспаз атанған полиция қызметкері енді маусым айының басында елордада өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайды.

Петропавлда 2013-2014 жылдары туған бойжеткендер арасында жарыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *