Жарияланған күні: 28.05.2025
СҚО-да көктемгі егіс науқаны экваторынан асты
СҚО диқандары биыл 4,4 млн гектар жерге егін себуді көздесе, оның 3,3 млн гектары дәнді дақылдарға тиесілі. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өндірушілері майлы дақылдардың алқаптарын да ұлғайтты.
Қазір егіс алқабының 2 млн 363 мың гектарына дән егілген. Бұл жоспарланған алаңның 56% құрайды. Тұрақты ауа райы сақталса, көктемгі егіс науқаны бесінші маусымға дейін аяқталады.
Көктем жаңбырлы болғанымен диқандар күнтізбеге сәйкес егу жұмыстарын жүргізуде.
СҚО-да алимент төлеуден жалтарғандардың берешегі 260 млн. теңгеден асып отыр