Жарияланған күні: 29.05.2025
Облыстық филармония мерейтойлық маусымын жапты
Петропавлдағы Ақан сері атындағы облыстық филармония 60-шы мерейтойлық концерттік маусымын салтанатты түрде жапты. Бұл кеш – өнердің, тарихтың және болашаққа деген сенімнің көрінісі болды.
Концерттік кешке филармонияның барлық 13 шығармашылық ұжымы қатысты. Олардың қатарында оркестр, камералық ансамбль, хор, би тобы, шекті және вокалды-аспаптық ансамбльдер мен жеке әншілер бар.
Кеш барысында 24 түрлі концерттік номер ұсынылып, әрқайсысы көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді. Өз кезегінде өнерпаздар кәсіби шеберліктерін паш етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жылдар бойы өнердің отын өшірмей келе жатқан шығармашылық ұжым осымен 60-шы маусымды қорытындылағанымен, алда жаңа белестер мен жобалар күтіп тұр.