Петропавлда СҚО ТЖД мамандары ерекше іс-шара ұйымдастырды
Петропавлдың орталық алаңында төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне орай оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Кішкентай қалалықтарға үшін 11 арнайы техника, өрт сөндіру, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары көрсетілді.
Мақсаты – балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейту, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, өрт сөндіру және құтқару қызметінің жұмысымен таныстыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыру дейді мамандар.
Кішкентай қонақтар арнайы көліктерді тамашалап, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Қожаберген жырау атындағы нөмірі 6-шы орта мектеп оқушысы Мадияр Уап құтқарушылардың арнайы құрылғыларымен жақын танысып, болашақта құтқарушы болғысы келетіні туралы арманымен бөлісті. Мұндай тәжірибе балалардың қоғамдағы маңызды мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жаңа басщы тағайындалды