Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
04:27:52Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек қарастырылған

Биыл игі дәстүр бойынша Қуғын-сүргін құрбандарын еске күні аталып өтіледі. Ел тарихындағы қаралы датаға орай 2 мыңнан астам өңір тұрғынына әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мұны СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы алға тартып отыр. 

Аталмыш ведомствоның мәліметінше, 31 мамыр — Саяси қуғын — сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайынғы негізде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген.

Саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адамдарға 15 АЕК мөлшерінде беріледі. Ал егер ата-анасымен бірге жазалау орындарында, жер аударуда немесе арнайы қоныстану орындарында болса, репрессия салдарынан ата-анасынан немесе олардың біреуінен айырылған болса және ата-анасы қуғын-сүргінге ұшыраған кезде кәмелет жасына жетпеген болса, оған 10 АЕК мөлшерінде төленеді екен.

Петропавлда СҚО ТЖД мамандары ерекше іс-шара ұйымдастырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *