Қыстың қамын жаз ойла: Әкімдікте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы айтылды
Өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Дайындық шараларына бөлінген жалпы қаржы көлемі 44 млрд теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда оң динамика бар. Бұл соманың 33 млрд теңгеден астамы жеке инвестициялар.
С️ҚО әкімдігінің ақпаратына сәйкес, биыл жылыту маусымы дайындығы кезеңінде «Севказэнерго» АҚ жөндеу жұмыстарына 27 млрд теңге бағыттамақ. Петропавл ЖЭО-2-де қазан агрегаты мен турбоагрегатты қайта құрылып, 3 қазан мен 2 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтпек. Бұған қоса, 8 қазан агрегаты мен 4 турбоагрегаты қалыпқа келтірілмек. Сондай-ақ түтін мұржасының құрылысын аяқталады.
Ал «Петропавл жылу желілері» жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлді. Облыстық әкімдікте өткен жиында аудандарда қысқа сапалы дайындық мақсатында 484 қазандық, 636 білім беру нысаны, 364 денсаулық сақтау, 162 мәдениет нысаны және 1,5 мың көпқабатты үй дайындалады, 11 жаңа қазандық сатып алынып, 6,3 км жылу желілер жөнделмек. Жалпы, облыс бойынша жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүргізілуде, жаңа түтін мұржасын қосу жұмыстары алда келеді.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындар мен облыс нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар тапсырмалар берді.