Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+19°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
18:49:01Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді

Бүгін маусымның 4-і күні — Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мереке — Тәуелсіздігіміздің рухын және ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше күн.

Бұл күнге орай облыс орталығында СҚО әкімінің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, сондай-ақ еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар салтанатты түрде табысталды.

Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — бостандықтың, патриотизмнің, тарихымызға, ана тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген құрметтің символдары. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі және әр азаматтың парызы.

— Баршаңызға шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және гүлденген Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Көк Туымыз әрдайым желбірей берсін! Мереке құтты болсын! — деп атап өтті өңір басшысы.

Петропавл-Мысыр бағыты бойынша ұшақтар қатынамақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *