Петропавлдан Мысырға дейін жол ашық
Петропавл тұрғындары мен қонақтары енді теріскейден Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласына дейін ұша алады. Қазақстандық әуе компаниясының ұшағы енді әр он күн сайын екі елді байланыстырмақ. Бортта 213 орын бар, алғашқы сапарға 208 жолаушы аттанды. Ұшу уақыты шамамен 7 сағат.
— Шарм-эш-Шейх қаласына біздің әуежайдан бірер жыл бұрын ұшақтар қатынады. Кейін белгілі себептермен тоқтап қалды. Рейсті қайта жолға қою мәселесі ұзақ уақыт қаралды. Әуе компанияларымен талқыладық. Жанар-жағармай кешенін жаңғыртып, нәтижесінде алыс сапарға шығатын әуе кемелеріне қосымша жанармай құю мүмкіндігі туды. Бұл чартерлік рейс болғанымен, тұрақты түрде ұшады. Сұраныс бар, — дейді «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС директорының орынбасары Уәлихан Жылысбаев.
Қазіргі уақытта Петропавл әуежайынан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына рейстер бар.
Бірінші көтергіш сорғы станциясы жаңартудан кейін іске қосылды