Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+19°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
03:59:52Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су құбырларын қалыпқа келтіруге заңсыз иемденген активтер пайдаланылмақ

СҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамытуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Өңірдің сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға бағытталған 48 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау және Шал ақын аудандарындағы ауылдарда Көкшетау топтық су құбырына қосылатын жаңа су құбырлары мен су тарту тармақтарын салу жобалары бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарда барлық жұмыс аяқталғаннан кейін халық сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Осы құбырлар арқылы 175 мыңнан астам тұрғыны бар 229 ауыл ауыз сумен қамтылып отыр. Петропавл қаласының тұрғындары 100%, ал ауылдардағы халық 97,5% сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.

Петропавлдан Мысырға дейін жол ашық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *