Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда есірткі сатқан азамат ұсталды

Облыс полицейлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау кезінде одан мефедрон мен α-PvP салынған 3 ірі және 2 кіші орама тәркіленді. Бұдан бөлек, тұрғылықты жерінен құрамында α-PvP бар үш зип пакет (екі грамм) табылды.

Алынған «синтетиканың» жалпы салмағы 227 грамды құрады. Медициналық куәландыру оның психостимуляторлар қолданғанын көрсетті. Күдікті тыйым салынған заттарды пайдаланатынын мойындады.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының деректеріне сәйкес, есірткі сатты деген күдікпен ұсталғандардың жартысы – өздері есірткі қолданады. Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталды, оның 15-і есірткіге тәуелді.

СҚО-ға келген депутаттар құрылыс және кадрларды даярлау жұмыстарымен танысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *