Жарияланған күні: 04.07.2025
Прибрежное ауылына апаратын көпір салынады
Прибрежное ауылына апаратын көпір салынады. Бұл туралы әлеуметтік желіде СҚО әкімі мәлім етті. Жобаның сараптамасы жылдың соңында шығады, ал келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады.
— Прибрежное ауылы жыл сайын су тасқыны салдарынан аралда қалып қояды. Бұл мәселені шешудің жолы — автокөпір салу және облыстық жолды жөндеу, ол елді мекенді сыртқы әлеммен байланыстырып, жыл бойы көлік қатынасын қамтамасыз етпек, — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Биылғы көктемгі тасқын Ущев, Былғары кенті және Биотоған бөгеттерін бетон плиталарымен нығайтудың тиімділігін көрсетті. Енді бетондау жұмыстары Тепличное мен Прибрежное ауылдарында жалғасады. Келесі кезең — Бескөл ауылы. Бұл қорғаныс құрылымдарының беріктігін нығайтып, елді мекендерді болашақтағы қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік бермек.