Жарияланған күні: 07.07.2025
Жол апатынан бір адам көз жұмды
Шал ақын ауданында жол апаты тіркелді. Салдарынан 58 жастағы азамат көз жұмды.
СҚО ПД мәліметінше, оқиға бүгін таңғы 8:00 шамасында орын алды. «Жезқазған – Петропавл» автожолында орын алған қайғылы оқиға кезінде «Mercedes» маркалы көлік жолда жүріп келе жатып, апатқа ұшыраған.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жолда барынша сақ болуды, әсіресе күрделі учаскелерде жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.