Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+4°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
12:53:59Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдың аулалары жаңа кейіпке енуде

Петропавлда аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлініп отыр. Биыл қаланың аулаларында ойын алаңқайлары, жасанды футбол стадиондары мен автокөлік тұрақтары тұрғызылып жатыр. Өткен жылғы дәстүр осы жолы да жалғасын тапты деуге болады. 

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жаздың соңына дейін биыл 50 аула жаңа кейіпке енбек. Ауқымда жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, Хименко 1 және 3 мекенжайында балаларға арналған ойын алаңдары бой көтеріп, заманауи шағын футбол алаңы тұрғызылды.

Балалармен қатарға ересектерге де жағдай жасалып, автокөлік тұрағы салынды. Бос тұрған орын игеріліп, асфальт төселді.

Биыл 30 аулада ойын алаңдары қойылса, былтыр 30 аулада тұрақ пен балаларға арналған шағын футбол алаңдары бой түзеді.

— Бұрын спорттық алаңға, ойын алақайына және шағын футбол кешенін орнату үшін бөлек кезекке тұру керек болса, қазір бір маусымда барлық аула жаңартылады, — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Әзірге, Петропавлда 200-ге жуық аула мардымсыз күйде. Бұл мәселені шешу үшін қалалық әкімдік тиісті жұмыстарды жүргізбек.

СҚО әкімі «Ауыл» партиясының төрағасымен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *