Жарияланған күні: 09.07.2025
Орман өрті уақытылы ауыздықталды
Айыртау ауданындағы демалыс орындарының бірінде орман төсенішінің өрті тіркелді. Бұл туралы ТЖ министрлігі хабарлап отыр.
Табиғи өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, орман шаруашылығы қызметкерлері, сондай-ақ министрлікке қарасты тікұшақ жұмылдырылды.
— Өрт таулы және қиын жер бедерінде шыққандықтан, сөндіру жұмыстары біршама күрделі болды, — деп жазды ведомстводан.
Министрліктің мәліметінше, құтқару бөлімшелері мен орман күзетінің жедел әрі үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында өрт бастапқы даму кезеңінде сөндірілген. Бұл оның кеңінен таралуына жол бермеді.
Петропавлдың аулалары жаңа кейіпке енуде