Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Орталық алаңда салтанатты шара өтті

Орталық алаңда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен қала күніне арналған салтанатты жиын өтті.

— Петропавл — біздің туған үйіміз, терең тарихы бар, ерекше сәулеті мен еңбекқор, шынайы адамдары бар қала. Мұнда — біздің естеліктеріміз, жетістіктеріміз бен үміттеріміз. Бүгін біз қаламыздың күн сайын көркейіп, жайлы, заманауи әрі шырайлы қалаға айналып келе жатқанына мақтанышпен қараймыз, — деп атап өтті өңір басшысы.

Мереке аясында құрметті атақтар табысталды. СҚО-ның Құрметті азаматы атағы «Зенченко и К» КТ бас директоры Геннадий Зенченкоға, профессор Заркын Тайшыбай мен еңбек ардагері Виктор Лиге берілді. Петропавл қаласының Құрметті азаматы атағына еңбек ардагерлері Амангелді Кенжегузинов пен Сара Тасеменова, профессор Андрей Солодовник ие болды. Олардың еңбегі, білімі мен адалдығы қаламыз бен өңіріміздің дамуына серпін берді.

Қаланы дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтарға — құрылысшыларға, ұстаздарға, дәрігерлерге, кәсіпкерлерге, қоғам белсенділеріне, еріктілер мен жастарға облыс әкімі алғыс айтты.

Биыл СҚО жолдарында 16 адам мерт болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *