Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+12°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
00:31:12Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ауылдарын сумен қамту мақсатында 9 ірі жоба жүзеге асырылады

Облыста ауыз сумен қамту мәселесін шешу үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 ірі жобаны іске асырып жатыр. Бұл туралы «Есіл су» филиалының директоры Қанат Асқаров айтты.

Бұл жобалар Преснов, Соколов, Есіл (2 жоба), Булаев (4 жоба) және Көкшетау топтық су құбырларының құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарын қамтиды.


Осы мақсатқа биыл Ұлттық қордан 11,7 млрд теңге бөлінді және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қосымша арнайы мемлекеттік қордан 30,3 млрд теңге қарастырылған. Жалпы қаржы көлемі – 42 млрд теңге.

— Преснов топтық су құбырын қайта жаңғыртудың бірінші кезеңінде 12 ауылға таза су жетеді. Жоба екі жылға шақталған. Жалпы құны 16,3 млрд теңге. «Қазсушар» РМК – бас мердігер. Бүгінде қаражаттың 5,9 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстары Становое, Искра, Мальцево, Новомихайловка, Петровка, Бексейіт, Воскресеновка, Андреевка ауылдарында және Мамлютка қаласында жүргізіліп жатыр. Жобаны толық аяқтау үшін қосымша 3,9 млрд теңге қажет, — деді Қанат Асқаров.

2018 жылы басталған Соколов топтық су құбыры мен ауылішілік желілерді салу жобасы аясында биыл құрылысқа 3,3 млрд теңге бөлініп отыр. Жұмыс Новокаменка, Архангелка, Кустовое, Сивково-Виноградовка, Пеньково, Долматово және Желяково ауылдарында жалғасқан. Келесі жылы жұмыс толық аяқталады.

Тайынша ауданының 14 елді мекеніне де таза су жетеді. Жоба төрт кезеңнен тұрады. Былтыр 371 млн теңге игерілді, қалған 13,1 млрд теңге осы жылы бөлінді. 175 км құбырдың 85 км салынған. Ал Ақжар ауданындағы 5 ауылға су тарту үшін 162 км құбыр төселеді. Жалпы құны – 7,4 млрд теңге. Бұл жоба келесі жылы аяқталмақ.

Петропавлда заманауи мұз аренасы мен әмбебап спорт аренасы салынады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *