Петропавлда ветеринар мамандар марапатталды
Петропавлда да ветеринария саласы қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Бүгін айтулы датаға орай Петропавлда салтанатты шара ұйымдастырылды.
Бұл мамандардың еңбегі адамзат баласы үшін ұшан теңіз. Төрт-түліктің амандығы мал дәрігерлерінің мойнында. Тұрғындардың денсаулығына да жауапты десек артық айтқанымыз емес. Басқосуда сала қызметкерлерін облыс әкімі бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.
— Ветеринария — ауыл шаруашылығының сенімді тірегі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тарапынан аталған салаға зор қолдау көрсетілуде. Түрлі зертханалар салынып, техникалық базалары жаңартылуда, -деді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.
Салтанатты шарада барлығы 70 маман марапатқа ие болды. Олардың ішінде жастар да бар. Құрметке бөленгендердің арасында Ағабек Талғат та бар. Ол қазіргі таңда М.Жұмабаев ауданындағы Лебяжинский ауылдық округінде мал дәрігері болып еңбек етеді. Бір қызығы, азамат — онтүстіктің тумасы. Солтүстікке «Еңбек» бағдарламасы аясында көшіп келген.