Жылжымалы медицналық кешендер ауыл жаққа жол тартты
Солтүстік Қазақстан облысында шалғай жатқан ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешендер арқылы кәсіби көмек көрсетіліп келеді. Бүгінде СҚО-да мұндай мобильді медициналық кешендердің саны онға жеткен. Олардың екеуі КАМАЗ автокөлігіне, қалғандары автобус негізінде жабдықталған.

Бұл кешендер Қызылжар, Есіл, Аққайың аудандық ауруханаларында жұмыс істейді, ал шілде айынан бастап олардың қатарына М.Жұмабаев аудандық ауруханасы қосылды. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 22,1 мың адам мобильді медкешеннің көмегіне жүгінді. Бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 мың адамға артық.
Дәрігерлер тар бейінді мамандар шалғайдағы ауылдарға барып тексеріс өткізеді. Нәтижесінде 1,5 мың тұрғыннан әртүрлі ауру анықталды. Оның ішінде 329 адам, яғни тексерілгендердің 20% диспансерлік есепке алынды.
— Бұл — ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. Алты ай ішінде жылжымалы кешендер арқылы 7 мыңға жуық диагностикалық тексеру, 8,5 мыңға жуық зертханалық талдау жасалса, терапевт, педиатр, кардиолог және басқа да дәрігерлер 10 мыңнан астам қабылдау жүргізіп, кеңес берді, — дейді мамандар.
Чехия мен СҚО бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын

