Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+14°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
21:48:41Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мамлюткада жарылғаш затқа ұқсас зат табылды

Мамлютка қаласының тұрғыны бау-бақшасында жұмыс істеп жүріп жарылғыш затқа ұқсас зат тауып алған. 

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бірден Мамлют ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел жетті. Жарылғыш зат табылған аумақты қоршауға алып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге уақытша көшірілді. Сонымен қатар жарылғыш заттармен жұмыс істеуге маманданған департаменттің оқу-жаттығу взводының офицерлері де келіп жетті.

Табылған зат – болжам бойынша азамат соғыс (1917–1922 жылдар) кезеңіне тиесілі снаряд. Мамандар оны абайлап арнайы полигонға жеткізіп, жойды.

Топырақ астында біраз жатып қалғандықтан тот басып, белгісі мен нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған дейін де бұл аумақта ХХ ғасырдың басына жататын осындай бұйымдар табылған.

Қызын зорлаған сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *