Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+14°C
Небольшие дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
13:33:42Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлихан аудандары мен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланбаған, деп хабарлайды Законопослушный гражданин ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.     

СҚО прокуратурасы мәліметінше, Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Кодекс талаптарына қайшы түрде үш жыл бойы коммерциялық мақсатқа арналған, жалпы ауданы 123 гектар болатын жер учаскесін пайдаланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектарды, кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерді адал ниетті жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мамлюткада жарылғаш затқа ұқсас зат табылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *