Қызын зорлаған сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Апелляциялық сот өзінің 8 жасар қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деп айыпталған Әділхан Сәкеновке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
СҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы 29 жастағы Әділхан Сәкенов үйде ешкімнің жоқ екендігін пайдаланып, өзінің сегіз жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған. Бұны айыпталушының қызы телефонына түсіріп үлгерген. Кейін суреттерді анасы көріп, полицияға жүгінген.
Ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы айыпталушыға үкім шығарып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Мұндай шешіммен келіспеген олар апелляциялық шағым түсірді. Бұл жолы сотта Әділхан Сәкеновті үш бірдей адвокат қорғады. Олар айыпталушының кінәсіз екенін дәлелдемек болып, оның әрекетін ҚР ҚК 121-бабының 1-бөлігі бойынша қарауды сұрады. Бұл баптың санкциясы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылмаған.
Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.