Петропавлда жаңа түтін мұржасы дайын
Биіктігі 180 метр болатын жаңа түтін мұржасында сырлау жұмыстары 25 маусымда басталып, тамыз айында аяқталады. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мұржа дәстүрлі қызыл-ақ жолақты түске сырланды. Мұндай түске бояудың бірнеше себебі бар, соның бірі — авиациялық қауіпсіздік талаптары. Ашық, көзге көрінетін түстер әуе көліктеріне алыстан көрінеді. Сондай-ақ, нысанға жоғары температура мен коррозияға төзімді арнайы сырлар қолданылған. Тағы бір ерекшелігі — мұржа бетіндегі ақаулар мен өзгерістерді сырттай бақылауды жеңілдетеді.
Сонымен қатар, мұржаның айналасындағы шолу алаңдары да сырланды. Қазір мамандар жаңа мұржаға технологиялық жабдықтарды кезең-кезеңімен қосу және ауыстыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жаңа мұржаның құрылысы өткен жылдың 5 тамызында басталып, небәрі 73 күн ішінде аяқталды. Соңғы бетон құйылымы 16 қазанда жүзеге асқан.
Мамандардың айтуынша, нысанды толықтай іске қосу алдағы 2025-2026 жылғы жылыту маусымының басына жоспарланған.
Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді