«Қызылжар» клубы өз ойыншыларына қарыз
Жергілікті петропавлдық футбол ұжымы өз ойыншыларына жалақыларын уақытылы төлемей келгені белгілі болды. Бұл мәлімет желдей әлеуметтік желіде таралды. Ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында «Қызылжар» ФК-ның баспасөз қызметінен түсініктеме алуға тырыстық.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тапсырыс беруші мен «Қызылжар» футбол клубы арасындағы қаржыландыру туралы шарттың уақтылы жасалмауына байланысты 2025 жылдың қаңтар–ақпан айлары үшін еңбекақы төленбеді. Дей тұрғанмен қазіргі уақытта мәселе шешімін тапты.
— Бастапқыда тапсырыс берушінің кінәсінен ойыншыларға жалақы уақтылы төленбеді. Бүгіндері мәселе шешімін тапты. Жақын арада қаңтар мен ақпан айлары үшін еңбекақы өтеледі деп жоспарланып отыр, — дейді баспасқз қызметі.
Петропавлда үздік самбошы полицейлер анықталды