Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+15°C
Небольшие дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
12:49:38Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда полицейлер алаяқтық фактісінің алдын алды

Бір апта ішінде Петропавлда полиция және жеке меншік күзет қызметкерлері зейнеткерлердің қаражатын ұрламақ болған бірнеше әрекеттің жолын кесті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушілердің шамамен 7 млн. теңгесін сақтап қалды.

Жыл басынан бері облыста 270-тен астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді – бұл барлық қылмыстың төрттен бір бөлігіне жуық. Полиция департаменті басшылығының бастамасымен Петропавлда жаңа алгоритм енгізілді: сауда-ойын-сауық орталықтарында кезекшілік атқаратын полиция мен күзет қызметкерлері банкомат маңындағы жағдайды бақылап, әсіресе телефон арқылы сөйлесіп, ақша аудармақ болған, абдырап тұрған егде жастағы адамдарға назар аударады. Кең тараған алаяқтық схемалар: «Сіздің атыңызға несие рәсімделді», «Анашым, мен жол апатына түстім». Мысалы, сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде полиция қызметкері банкомат жанында тұрған 74 жастағы зейнеткерді байқап қалды. Әйелге өзін банк қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, атына кредит рәсімделгенін хабарлаған. Оны жою үшін ақшаны қауіпсіз шотқа аудару талап етілген. Уақытылы араласудың арқасында 500 мың теңге көлеміндегі операцияның жолы кесілді.

Дәл осы кезде 75 жастағы тағы бір тұрғын белгісіз нөмірге дәл сондай сомада ақша аударуға әрекеттенген. Алаяқ алдымен өзін ұлы, кейін немересі ретінде таныстырып, шұғыл ақша керек екенін айтқан. Зейнеткерді банкомат жанынан күзетші байқап қалып, полиция шақырған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары зейнеткерге оның алаяқпен сөйлесіп жатқанын түсіндіріп, ақшаны алаяқтардан сақтап қалды.

Үшінші жағдайда егде жастағы ерлі-зайыпты 6 миллион теңгесінен айырылып қала жаздады. Оларға да «несие рәсімделгені» туралы хабарланған. Телефон арқылы алдаушылардың сендіргені соншалық — зейнеткерлер бастапқыда полицейлерге сенбеді. Олар 1,5 миллион теңгені аударып үлгеріп, полицейлердің түсіндіру жұмысының арқасында қалған 4,5 миллион теңгені сақтап қалды. Барлық деректер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, бұл әдіс өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта оны жетілдіру, кеңейту және үздік қызметкерлерді ынталандыру жоспарлануда.

«Қызылжар» клубы өз ойыншыларына қарыз

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *