Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+19°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
00:18:14Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Аққайың ауданында есірткі таратқан

Аққайың ауданында полицейлер 28 жастағы жергілікті тұрғынның синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқанын анықтады. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында күдікті 1 грамм спайс сатпақ болған кезінде құрықталды.

СҚО ПД мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыл тұрғынына 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар заңсыз қару сақтау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналуда: күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.

Полицейлердің айтуынша, 1 грамм спайс құрамындағы белсенді зат мөлшеріне қарай әртүрлі дозаға бөлінуі мүмкін. Синтетикалық каннабиноидтардың әсері алдын ала болжанбайды, тіпті микродозаның өзі адам ағзасына ауыр салдар әкелуі ықтимал. Көлеміне қарамастан, кез келген есірткі түрінің заңсыз айналымымен күрес – азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы полиция жұмысының басты бағыттарының бірі.

Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 43 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның 4 келіден астамы синтетикалық есірткі түрі болған.

Петропавл тұрғынына МӘМС аясында күрделі ота жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *